Қала тұрғындарын Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылғы 18-наурыз күні Астана даңғылы(Е.Көшербаев көшесі мен А.Иманов көшесінің аралығы), Жанқожа батыр (Реалбаза алды) мен«Журба» (Сахи Романов көшесі мен Саламатов көшесінің аралығы) көшелерінің бойында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің және «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

Осы ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қала тұрғындарын қатысуға шакырамыз.

Ескерту: Ұйымдастырылып отырған жәрмеңкенің өткізілу уақыты 18.03.2023 жылғы сағат 8.00 – ден 13.00 –ге дейін.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған