Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыс көлемінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткіге қарсы – Әзіл» атты облыстық «JAIDARMAN» жастар фестивалі өткізілді

Фестивальге жоғары оқу орындары, колледждер және мектептердің студенттері мен оқушылары қатысып, үш кезең бойынша сынға түсті:

▪️ «Сәлемдесу»
▪️ «Сұрақ-жауап»
▪️ Арнайы есірткіге қарсы тақырыптық бөлімі⠀
Әзіл арқылы маңызды мәселені қозғаған бұл шара жастардың белсенділігін, креативті ойлау қабілетін және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды көздеді.

Фестивальді бағалау үшін арнайы әділқазылар алқасы құрылды. Құрамында:

  • ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы Абилдаев Асхат Дулатович
  • Комитет департаменті бастығының орынбасары Имангалиев Фархат Талгатович
  • Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің басшысы Бихожаев Ернұр Бауыржанұлы
  • Ардагер жайдарманшы, «Қорқыт» құрамасының ойыншысы Асылхан Дүкенбаев- Қазақстан
  • ⁠ КВН Одағы РЖҚБ Қызылорда филиалының директоры Нұрлан Сипанов
    Жүлделі орындар иегерлері:
    III орын — BRAND командасы (еркін құрама)
    100 000 теңге қаржылай сыйақы
    II орын — AMG командасы (Айым өнер мектебі)
    150 000 теңге қаржылай сыйақы
    Үздік ойыншылар: Бағымжан мен Әмина
    I орын — МАТРИАРХАТ командасы (Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті)
    200 000 теңге қаржылай сыйақы

    Бұл фестиваль жастар арасында өзекті әлеуметтік мәселелерді жеңіл әзілмен жеткізу арқылы терең ой салып, тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде есте қалды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған