Наурыз мейрамының 10 күндігі аясында облыс сотарының арасында өткізілген бейнероликтер байқауын қорытындыланды.

 Байқауға атсалысқан сот әкімшілерінің басшылары мен мамандарға Департамент басшысы С.Сүлеймен алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Ұтымды көрініс» номинациясымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот, «Ұйымшыл ұжым» номинациясымен тергеу соты, №2 сот және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот, «Ұтқыр идея» номинациясымен Қазалы аудандық соты марапатталды.

Байқоңыр қалалық соты ІІІ орын,  Арал аудандық соты ІІ орын, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы соттары І орын иеленсе, Қызылорда қалалық және мамандандырылған экономикалық соты бас жүлдені жеңіп алды. 

Жеңімпаздардың барлығына Сот әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің және Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің он күндігін бойынша өткізілген бейнероликтер байқауына белсене қатысқаны үшін судьялар мен сот қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған