Жаздың екінші айы аталмыш -шілде, ал оны парсы тілінде «қырық» деген мағынаны білдіреді. Жазғы қырық күн шілденің негізгі ыстық күндері осы айда өтеді. Ол әуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып кеткен. Шілдеде күннің ұзақтығы қысқара бастайды. Бұл айда көптеген кәсіпкерлер демалысқа шығады. Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Биыл астана күні сейсенбіге түсетіндіктен, жұмыс күнін 5 шілдеден 3 шілдеге ауыстыру туралы шешім қабылданды, Үкімет қаулысына сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтіндердің демалыс күндері 4, 5 және 6 шілдеге келеді. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтін тұрғындар 4 және 6 шілдеде демалады.

Күнтізбе бойынша Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілдеге тұспа-тұс келеді. Бұл күн де демалыс ретінде есептеледі. Шілде айында Қазақстан азаматтары әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне қоса 1 күн демалатын болады

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері саналады.Биыл елорда күні – 6 шілде сәрсенбіге келіп тұр. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалады.Мұнан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс саналады. Ал биыл бұл мереке шілде айының 9-ына, сенбі күніне тұспа-түс келіп тұр. Мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылады.

Құрбан айт діни мереке болғандықтан ол күн сенбі не жексенбіге келсе де, қосымша бір күн демалыс берілмейді. Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Демалыс күнін ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес қазақстандықтар 6-9 шілде аралығында 4 күн демалады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдеге яғни жұмаға ауыстырды.

Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.

Жалпы, шілде айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 11 күн, 6 күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалады.

Ақжан Бахытбек

Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған