«Ауыл АМАНАТЫ» пилоттық жобасын іске асыру үшін 2023 жылға Қызылорда облысына 3 млрд. теңге қаржы қаралды.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер ағымдағы жылдың маусым айынан бастап берілуі жоспарланып отыр. Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. – несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; – несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; – номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік.
Бағдарлама әкімшісі облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Микрокредиттерді беру үшін сенім білдірген өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ белгіленіп, бөлімшесі «Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ арқылы іске асырылатын болады.
Қаржыландыру бағыттары:
1. Өңдеу саласына қатысты жобаларды қаржыландыру (жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы)
2. Өсімдік шаруашылығын дамыту
3. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау
4. Мал шаруашылығын дамыту
5. Басқа бағыттағы бизнес жобалар
Негізгі талаптары:
1. Несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі;
2. Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы;
3. Мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы;
4. Несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс;
5. Несиені кепілмен қамтамасыз ету (кепіл мүлкі қалада орналасқан жағдайда 70%, ауылдық елді мекенде орналасқан жағдайда 50% беріледі);
6. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы (жер телімі, қора және т.б.);
7. Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру;
8. Қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу.
Несие алу алгоритмі:
Сенім білдірілген өкіл (агент) микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды.
Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
Құжаттар микрокредиттер беру талаптарына сәйкес келген жағдайда 15 жұмыс күні ішінде ұсынылған бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және микрокредитті мақұлдау не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мақұлданған жағдайда үміткермен микрокредит беру туралы шартқа қол қояды, содан кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына аударады.
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ауылды жақсартады
Бұл туралы баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков айтып өтті.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы ауыл тұр[1]ғындарының әл-ауқатын жақсартуға, олардың табысын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, жобаға қатысу ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісін жаңадан бастағандар үшін жақсы қолдау болмақ.
– Бағдарламаны іске асыру үшін 2023 жылы Қызылорда облысына 3 млрд. теңге бөлінді. Ал, несиелерді беру маусым айынан бастау алады деп жоспарланған. Айта кету керек, бағдарлама аясында ауыл тұрғындары жеңілдетілген несие алып, техниканы лизингке ресімдей алады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Мәселен, несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен шағын несие алуға мүмкіндік береді, – деді қала әкімнің орынбасары.
Пилоттық жоба аясында микрокредиттерді беру үшін сенім білдірген өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ белгіленіп, «Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ бөлімшесі арқылы іске асырылады деп жоспарлануда
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар