Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі 3-сынып оқушыларына қауіпсіздік тақырыбында арнайы сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Сабақты Қызылорда қалалық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің полиция аға лейтенанты Кайсариева Аружан Асылбекқызы өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға балалардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, олардың жас ерекшеліктеріне сай құқықтары, «құқық» ұғымының мәні мен маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында және мектептен тыс уақытта атқаруға тиіс міндеттері туралы айтылды.

Сабақ барысында жолда жүру ережелерін сақтау, үлкендерді құрметтеу, балағат сөздер айтпау, ешкімді жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе әлеуметтік жағдайына байланысты кемсітпеу керектігі кеңінен түсіндірілді. Бұдан бөлек, буллингтің алдын алу, оның зияны, сондай-ақ өзін-өзі қорғау және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара оқушылардың құқықтық білімін арттырып, олардың қауіпсіз әрі саналы тұлға болып қалыптасуына бағытталды. Осындай профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған