Байқоңыр қалалық және Арал, Қазалы, Сырдария аудандық соттарында «Кассациялық инстанцияны құрудың маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді.
Шараға сот төрағалары, судьялар, адвокаттар, сот орындаушылар, билер кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында кассациялық инстанция құрудың маңыздылығына назар аударылып, жаңа инстанция сот төрелігінің сапасын және азаматтардың соттарға деген сенімін арттыратыны айтылды.
Қатысушылармен кассациялық инстанция құру туралы өзара пікір алмасып, өздерінің ұсыныстарын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі