Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында білім салаларында анықталған жалған ақпарат беру арқылы мемлекет қаржысын жымқыру фактілері бойынша шұғыл шара қабылдауды жауапты басшыларға міндеттеді.
– Балабақшаларға қаражат бөлуде көлеңкелі әрекеттерге жол берілген. Нақты тізімде жоқ «ауадағы» балалар үшін қаржы аударылған. Жеке балабақшалар балалар тасымалын ұйымдастыруда қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, зерделеу тобы мүшелеріне, тіпті полиция қызметкерлеріне бағынбау деректері орын алды.
Кейбір кәсіпкерлер балабақша тіркелген мекен-жайдағы ғимаратты тұрғын үй есебінде пайдаланса, кейбіреуі азық-түлік дүкенін ашқан. Балабақша ғимаратының бір бөлігіне АРТ спорт үйірмелерін ұйымдастырып келгендер де бар.
Аймақ басшысы саладағы құқық бұзушылықтарды қалпына келтірумен тек білім басқармасы емес, құқық қорғау және басқа да құзырлы мемлекеттік органдар бірлесіп айналысуы қажет екенін ескертті. Өйткені баланың білімі мен тәрбиесіне бөлінген қаражат кәсіпкердің өз мүддесіне емес, түпкі мақсатына сай жұмсалуы тиіс.