Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтағы өзекті мәселелер талқыланған мәжіліс өтті.
Жиында өңірдегі құрылыс нысандарының уақытылы пайдалануға берілуі, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуі және жылу беру маусымының кедергісіз өту мәселелері қаралды.
«Күз айларында ауа райы жайлы болғанымен, қыстың суығы әлі алда. Сондықтан құрылыс алаңдарындағы жұмыстар дер кезінде аяқталуы тиіс. Коммуналдық қызметтер де сақадай сай болуы керек»,- деді аймақ басшысы.
Мәжілісте жауапты сала басшылары хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Облыс әкімі халықтың жайлы тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтердің жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажеттігін атап өтіп, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.