Кланның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар оқиғасында қайда тығылғанынан бастайық. «Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2-3 қаңтар күндері Алматы маңындағы Шамалған ауылында болған. Содан кейін автокөлікпен ол Қырғызстанға кетіп, сол жерден Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кетті», – деп хабарлады «Московский комсомолец» басылымы.

Н.Назарбаевтың 2 және 3 қаңтарда болғанын қалай білгені туралы сұраққа ауыл тұрғындарының бірі, шырақшы «ауылда мұндай нәрсені жасыра алмайсың» деп жауап қайтарды. «Біз оның сапары туралы осында келген ілесіп жүретін автокөліктерден түсіндік. 2 қаңтарда ол дәл осында болды. Олардың зиратқа келетінін маған алдын-ала ескертті. Біз бәрін дайындадық, оны күттік. Бірақ шамасы, оның шаруалары шығып қалса керек. Келе алмады. Өйткені түскі астан кейін зиратқа келмейді. Ол кеш келді. Үлгерген жоқ», – деді шырақшы «Московский комсомолец» тілшісіне.

Сонымер қатар, шырақшы Н.Назарбаевтың денсаулығы туралы айтып берді: «Онда бәрі жақсы. Егер сіз оның қабірін осы жерден табуды ойласаңыз, онда тырыспаңыз. Жасырын жерлеу өткізілген жоқ. Иә, біз ешкімді жасырын жерлемейміз. Мен оны (Н.Назарбаевты) жеке көрмедім. Бірақ көргендер оның жағдайы жақсы екенін айтты. Кортеж, күзет, бәрі әдеттегідей болды». Оның айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінің экс-төрағасы Шамалғанға туысқандарымен көрісу үшін келген.

«Оның інісі мен қарындасы (Әнипа Назарбаева) ауылда тұрады. Мүмкін оларға қонаққа келген шығар. Алматы – әдемі қала, бірақ ол жерде кептеліс көп. Оларға мұнда ыңғайлы. Н.Назарбаевтың бауыры жүрді. Зиратқа жиі баратын. Н.Назарбаевтың әпкесінде күзет жоқ. Көршілері бір-біріне қонаққа барады», – деді шырақшы. Шамалғанда әкімшілік лауазымға ие адам қызықты мәліметтерді айтты. Оның айтуынша, Н.Назарбаев мұнда жаңа жылдан кейін Германияда ота жасатқан науқас інісі Болатқа келді.

«Нұрсұлтан Назарбаев сол күндері жанұясымен біздің ақсақалдардың үйінде жиналды. Жиналыс өтті. Менің білуімше, содан кейін Н.Назарбаев және оның кейбір отбасы мүшелері брондалған автокөліктермен қырғыз шекарасына қарай бет алды. Онда оларды қарсы алды. Олар әуежайға жеткізілді, сол жерден барлығы Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып кетті. Қырғызстан президенті оны құтқарды. Н.Назарбаев 2010 жылы «сәуір төңкерісі» кезінде Қырғызстанның бұрынғы басшысы Бакиевті де құтқарды. Ол бұл туралы өзі айтты», – деді ол.

Еске салсақ, елбасының кіші қызы Әлия өзінің Instagram мен Facebook-тегі парақшаларын өшіріп тастаған болатын. Instagram-да «аккаунт туралы ақпарат» функциясына сәйкес сервис автоматты түрде оның орналасқан жерін Біріккен Араб Әмірлігі ретінде анықтады (егер жария тұлғаның аккаунты көк белгімен тексерілген болса, мұндай анықтама қойылады).

Н.Назарбаевтың өзі Қазақстан халқына ашық үндеу жасап, текетіресті шешудің жолдарын анықтаудың орнына, ел басына қиын-қыстау сәтте үнсіз қалуды жөн көргені белгілі. Оның ең жақын туыстарына келсек, олар өз күзетшілерінің артына тығылып, тез елден Біріккен Араб Әмірлігіне қашып кеткен.

Сонымен бірге, инсайдерлердің айтуынша, біраз басқа да оқиғалар болған. Олар Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің үлкен қызының ұмытшақтығы туралы айтты. Қаңтар оқиғасының басында Дариға Назарбаеваның Жаңа жылды қызу тойлауын жалғастырғаны соншалық, оны Алматыдан шұғыл түрде қауіпсіз жерге кету туралы көндірген соң, ол Навои көшесіндегі резиденциядан анасы Сара Назарбаеваны өзімен бірге алып кетуді ұмытып кеткен.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші әйелі еске түскенде, қалада төңкеріс басталып, эвакуациялауда күрделі мәселелер туындаған. ҚР Мемлекеттік күзеттің қызметкерлері Сара Назарбаеваға броньды машинаның күзетімен төрт көлік жіберуге мәжбур болған. Тек осылай ғана олар бұрынғы бірінші ханымның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды. Бірақ кортеж Алматы әуежайына жеткенше оны күзетшілер тастап кетіп, наразылық білдірушілер басып алған. Салдарынан броньды көлік «Оңтүстік қақпа» бақылау-өткізу бекеті маңындағы қоршауды тесіп өтуге мәжбүр болды. Осыдан кейін ғана VIР жеке ұшақтың бортына тікелей жеткізілген.

Қаңтар оқиғасы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары мен жақын серіктері де өздерін дұрыс ұстаған жоқ. Мәселен, оның немере інісі Ахметжан Есімов белгілі тұлғалармен бірге Медеу маңындағы биік тау бөгетінен өтіп, «Шымбұлақ» шипажайына жасырынған.

 (Жалғасы бар)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған