2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап оқу ақысы 2 есе арзандайды.

Оқу-ағарту министрлігінің жаңа бұйрығының жобасына сәйкес, баласын жеке мектепте оқыту үшін ата-ана төлемінің шекті мөлшері 2 есе төмендетіледі. Бұған дейін шекті мөлшер 1200 АЕК мөлшерінде болса, енді оны 600 айлық есептік көрсеткішке дейін азайту жоспарлануда.

Ресми ақпарат бойынша «Өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл мерзім жекеменшік орта білім беру ұйымдарының білім алушылардың заңды өкілдерімен өз қызметтеріне шарттар дайындауы және ресімдеуі не ата-аналық төлемді төмендету бөлігінде қолданыстағы шарттар бойынша қосымша келісімдер жасасуы, сондай-ақ ұйымның жаңа баға сегментінде дамуын қаржылық жоспарлау үшін жеткілікті. Жекеменшік білім беру ұйымдарында балалар үшін оқудың қолжетімділігін арттыру мақсатында ата-аналық төлемақының мөлшерін 50 пайызға қысқарту көзделеді»,

Халықаралық аккредитацияға ие өзіндік оқу бағдарламасы бар мектептер үшін де оқу ақысының шекті мөлшері 2 есе (2400 АЕК-тен 1200 АЕК-ке) азаяды.

Бұл ретте аталған шекті мөлшерге білім алушылардың тұру (интернаттық ұйымдар), оларды жекеменшік орта білім беру ұйымына жеткізу және (немесе) кері қарай тасымалдау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан тыс қосымша білім беру қызметтері мен білім беру, сондай-ақ ерікті түрде жүзеге асырылатын білім алушылардың тамақтануы үшін төлемақы қосылмайтынын ескеру керек.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған