Қазір елімізде жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар бойынша ұсыныстар көбейіп, бұл бағытта көптеген бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, жастарға «Бастау-Бизнес» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік мол. Енді бұл бағдарламаға қатысушылар мемлекеттен тегін грант ала алады. Осы жаңашылдықтардың барлығы жұмыссыз жастарымыздың өз ісін ашуға көмектесетініне сенемін. Меніңше, мұндай жобалар дамыған елдерде ғана бар, сондықтан бұл — біз үшін де, еліміздің экономикасы үшін де үлкен жетістік. Қазіргі қоғамның дамуы, ондағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі өкілдеріне алу¬ан түрлі бірегейлік тән жастар ортасында болып жатқан процестерге ерекше назар аударуды талап етеді. Назар аударуды талап ететін осындай маңызды аспектілердің бірі – саяси белсенділік және жастардың саяси өмірдегі оқиғаларға мүдделілік деңгейі. Жас қазақстандықтардың қоғамдық-саяси көңіл-күйі саяси оқиғаларға мүдделі болу дәрежесі, сайлаушы ретіндегі көзқарасы, саяси партиялар мен жастар ұйымдарына формалды қатысуы тұрғысынан қарастырылады.

Қазіргі жастардың трендтері қоғамда болып жатқан әлеуметтік процесстермен және жас ұрпақтың құндылық көзқарастарымен тығыз байланысты. Денсаулық құндылығы мен салауатты өмір салтын ұстану сынды тренд тоғысып жатқанын, жоғары ұтқырлық пен динамикаға толы өмір салты адамдардың түрлі тобымен өзара әрекеттестікті кеңейтуді көздейтіндіктен, достық құндылығымен өзара байланысты екенін де ескеруіміз керек.

Сонымен қатар, қазір жастар дәстүрлі жұмыс форматына қарағанда фрилансқа басымдық беруде. Бұл өз кезегінде қалыпты шеңберден тыс, жаңаша ойлайтын, жаһандану дәуірі жастарының құндылық бағдарлары біртіндеп өзгеруімен және ары қарай постматериалистік құндылықтарға (өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дамыту, еркіндік, теңдік құндылықтары) өтуімен байланысты болуы мүмкін.

Тұтастай алғанда, жастардың барлық жас тобына тән трендтер жоғары ұтқырлыққа және цифрлы технологияларға бет бұруға байланысты деп қорытынды жасауға толық негіз бар. Осы орайда жаңа мемлекетті құрып, оның егемендігін сақтайтын жастардың бейнесі қандай, оларға қандай қасиеттер керек деген орынды сұрақтар туындайды. Осындан бірнеше апта бұрын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Amanat партиясы жастар қанатының кезектен тыс съезінде Жаңа Қазақстан жастары үшін негізгі ұстаным болатын 3 басымдықты атап, бұл сұрақтың жауабын берген болатын. Біріншісі- білімге деген құштарлық, екіншісі- еңбексүйгіштік, үшіншісі- патриотизм. Осы үш негізгі ұстанымның арқасында Президент мемлекетіміз халқының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасы артқан бәсекеге қабілетті ел болатынына сенім білдірді.

Дильназ Темірғали

Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған