ЖАҚСЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ЖОРАМАЛ

(23.01.23 – 29.01.23)

ТОҚТЫЛАР

Өзіңізге серіктес пен көмекші іздеуге қолайлы уақыт. Бұрыннан армандаған жұмысыңызды табуыңыз әбден мүмкін. Ал ақшаға қатысты мәселелерде өзіңіздің түйсігіңізге сеніңіз, ол сізді алдамайды.Жаңа мүмкіндіктерден қорықпаңыз. Ол сіздің өміріңізге жаңа дем әкелуі мүмкін.

ТОРПАҚТАР

Бұл апта сізге оңайға соқпайды.Өзгелердің жұмысымен айналысып, олардың қателігін түзетуіңіз және қателіктер үшін сіз жауап беруіңіз бек мүмкін. Алайда көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Бұл сізге жаңа мүмкіндік сыйлауы мүмкін.Денсаулығыңызды күтіңіз.

ЕГІЗДЕР

Қаржыға байланысты мәселелеріңіз шешімін табуы мүмкін. Келісімшарттар мен сауда жасауға қолайлы уақыт. Жақындарыңыз да жақсы жаңалықпен қуантуы мүмкін. Мүмкіндіктерді жіберіп алмауға, өз керегіңізге жаратуға тырысқаныңыз жөн.

ШАЯНДАР

Ескі таныстарыңыздың тарапынан іскерлік ұсыныстар болуы мүмкін. Жаңа таныстықтардан, жолға шығудан қорықпаңыз. Жаңа ортаға тап болуыңыз мүмкін.Өміріңізге жаңашылдық әкелетін апта болғандықтан, қиынға соғуы мүмкін. Артқа тартпауға тырысыңыз.

АРЫСТАНДАР

Көп нәрсенің оңтайлы шешімі табылады. Тек төзімділік танытып, өзіңізді сабырға шақырып, асықпай ойланыңыз. Іскерлік іс-сапарлар болуы мүмкін. Бос уақытыңызды жақындарыңызға арнауға тырысыңыз. Алдағы уақытта олардың қолдауы сізге қатты қажет болады.

(Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған