Бангладеш пен Мьянмының 500 мың адамы тұрғылықты жерінен уақытша қоныс аударды. Оған себеп “Мокко” циклонының жақындап қалғаны. Ауа райын бақылаушылардың айтуынша 2007-ші жылы өткен “Сидр” циклонынан кейін циклонның ең күштісі “Мокко” болып тұр. “Сидр” кезінде жел қуаты 240 км/сағ., толқынның биіктігі 7,5 метр болып, салдарынан 3 мың адам қаза болған.

“Мокко” желінің қуаты 175 км/сағ. болады деген болжам бар. Үкімет мәлімдеуінше жарық пен газ беру тоқтап, жағажайға жақын жерлерде су да болмай қалу қаупі бар.

Әзірге тыныш болғанымен, тұрғындардың көпшілігі қоныс аударған, немесе жарақтандырылған тығылу орындарында жасырынған.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған