Пәкістанның бұрынғы Үкімет басшысы Имран Ханды қамаудан босатуға қарсы қазіргі билік коалициясының 20 мыңдай жақтаушылары елдің Жоғарғы соты ғимараты алдына жиналған. Негізі мамырдың 12-сінде Ханның босатылуын талап еткен оның жақтаушыларының ереуілдерінен кейін оны кепілмен босатқан еді. Енді Ханның кепілмен болса да босатылғанына қарсы болып ереуілге шыққандар сондай шешім қабылдаған Жоғарғы соттың отставкіге кетуін талап етуде.

Бұрынғы Үкімет басшысы Имран Хан мамырдың 9-ында қамауға алынған. Ол және оның жұбайы сыбайлас жемқорлық бойынша және Аль-Кадир университетін құруда 175 млн. доллардай бюджет қаржысын отбасылық қорға пайдаланды деп айыпталуда.

Оны қамауға алған күннің ертесіне оны жақтағандар жаппай ереуілге шыққан. Нәтижесінде 1 мың адам ұсталған. Көп ұзамай Пәкістан соты оны негізсіз қамалды деп шешім шығарып, қамаудан босатқан. Енді оған қарсылар ол қайтадан қамалсын деп ереуілге шығуда. Хан 2018-2022 жылдар аралығында Үкімет басқарған.

Өткен жылдың сәуірінде оған сенімсіздік білдірілген. Қазанда оны сайлаудан алып тастап, бес жылға дейін мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруға тиым салған.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған