Еуропаның оңтүстігі мен батысында биылғы қыс жылы, әрі құрғақ болды. Есесіне Испанияның елді мекенінің 60%-ға жуығы су зардабын тартуда. Италия мен Португалия үшін де ауыр тиюде. Нәтижесінде құрғақшылық кесірінен егіс жұмыстары кешігіп, тіпті кей жерлерде егін егілмей қалу қаупі бар. Демек, азық-түлік бағасының қымбаттауы да мүмкін.

Италия фермерлері тобының басшысы мәлімдеуінше құрғақшылық салдарынан табысты өнім қызанақ пен жемістерге обал болғалы тұр. Мәселен, осы көкөністің өзінен жылына 20 млрд. евро пайда түсетін болса, соның 8 млрд. евросы сыртқа шығады екен (экспорт). Жүгері мен басқа да дәнді дақылдардың азаюы мал мен құстың жемін қымбаттатса, онда мал өнімдері мен құс өнімдері де қымбаттары сөзсіз.

Жапония да 3,5 млн гектар жердегі дәнді дақылдарды жоғалтып отыр. Ал, жаңғақ пен жүзім жұртқа жеуге жетпей, гүлдердің жоқтығынан ара балы да жоқ болып отыр екен.

Еуропаның қалған бөлігіндегі Германия, Польша, Франция сияқты елдер наурыз, сәуірдегі жауын-шашынға рахмет айтып бау-бақшасын жайқалтып отыр екен.

Жалпы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еуропа континентінің 4/1 бөлігі құрғақшылықтан зардап шегуде.

Грацск техникалық университетінің мамандары спутниктен түсірілген суреттерді саралай отырып, құрғақшылық 2018-ден басталды деп қорытынды жасауда. Оның үстіне өткен жылы ауа райының өте ыстық болуы да жағдайды қиындатып отыр.

Негізі құрғақшылық Еуропада өткен жылы сыр берді. Ауа райындағы өзгерістерге орай су көздеріне деген талас күшеюі мүмкін дейді, сарапшылар. Мәселен, Францияда бірнеше елді мекендердің тұрғындары ауыз суға қол жеткізе алмай, жергілікті билік пен халық арасында қақтығыстар орын алды.

Испаниядағы миллиондаған тұрғындар су ішіп отырған негізгі резеруар – Сау су қоймасы да құрғап келеді. Италиядағы ірі По өзенінің де табаны көрініп қалды. Жаңбыр мен қар да бір жаумай, топырақ та ылғалданбай тұр. Аспаннан нөсерлетіп жаңбыр жауғанда, сарылдап, гүрілдеп өзен аққанда сарқылмастай көрінетін су арналарының сусыз қалпы Еуропа билігі үшін оңайға соқпай, өзара бәсекелестікті күшейтіп тұр. Өткен жылы Ұлыбритания, Франция, Испания, Италия елдерінде суды пайдалануға шектеу қойған. Бұның зардабы ауылшаруашылығы мен туризмге кері әсер еткен.

Еурокомиссия соңғы 500 жылда мұндай құрғақшылық болмап еді деп қорытынды жасап отыр екен. Айтпақшы, бұл құрғақшылықтың француз шарабына да әсері бар екен. Оның бағасының қымбаттағаны бір бөлек, дәмі де өзгереді. Өйткені, су үнемдеуден суды аз ішкен жүзімнен жасалған шарап бұрынғысындай дәмді болмайды. Сондай-ақ өзен суларының төмендеуі су мен атом электр стансалары жұмысына да әсерін тигізеді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған