Мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының және Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», І және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы Самұрат Жұманұлы Имандосов мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.Қоғам қайраткері Әйтеке би кентіндегі Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі ғимаратында орналасқан №59 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.Дауыс бергеннен кейін ол ел өміріндегі маңызды саяси науқанның маңызына тоқталып, ел болашағын айқындайтын саяси науқанға әр азаматтың жауапкершілікпен қатысуы қажет екенін атап өтті. Айта кетейік, бүгін елімізде өтіп жатқан маңызды науқанға қазалылықтар белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуда.