29 қараша – Мәслихат депутаттарын сайлауы күні аудан орталығындағы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіндегі №337 сайлау учаскесі маңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.Сауда сөрелеріне ауыл шаруашылығы өнімдері қойылып, тұрғындарға нарықтағы бағадан шамамен 15-20 пайызға төмен бағада ұсынылуда.Жәрмеңкеге ауданның бірқатар елді мекендерінен шаруалар мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынуда. Бұл тұрғындар үшін қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп отыр.Оған келген аудан тұрғыны мұндай шаралардың халық үшін тиімді екенін атап өтті.«Жәрмеңкеде өнімдердің бағасы қолжетімді екен. Әсіресе көкөністі отбасыға қажетті мөлшерде алып жатырмыз. Бағаның нарықтағыдан төмен болғаны қуантады. Осындай жәрмеңкелердің жиі ұйымдастырылғаны тұрғындарға жақсы қолдау деп ойлаймын», – деді аудан тұрғыны..