«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған Құтмамбетовтер отбасы мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.Отбасы мүшелері сайлау учаскесіне бірге келіп, маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділіктерін танытты. Өнегелі әулет үшін ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқандарға қатысу – азаматтық парыз бен жауапкершіліктің айқын көрінісі.Ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын дәріптеп, көпшілікке үлгі болып жүрген Құтмамбетовтер отбасы өңірдің өркендеуі мен елдің болашағы әрбір азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екенін көрсетті.Айта кетейік, Құтмамбетовтер отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде топ жарып, өнегелі отбасылық дәстүрі мен қоғамдық өмірге белсенді араласуы арқылы көпшілікке үлгі болған еді.Елдің ертеңі мен өңірдің дамуына бағытталған маңызды таңдауда әр азаматтың дауысы айрықша мәнге ие. Құтмамбетовтер әулетінің сайлауға қатысуы да осы азаматтық ұстанымның жарқын көрінісі болды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған