Бүгін ел көлемінде өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында Жалағаш ауданының орталық алаңында аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Шара барысында ауданның шығармашылық ұжымдары мен әншілері тұрғындарға арнап әсем ән ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.Концерттік бағдарлама аудан тұрғындары мен сайлаушылардың басын қосып, мәдени-рухани серпіліс сыйлаған мазмұнды шараға айналды.Осындай мәдени іс-шаралар қоғамдық белсенділікті арттырып, тұрғындардың ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуіне ықпал етеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған