Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде тұратын Қазымбеков әулетінің келіндері бір мезетте сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Әулеттің келіндері ауыл келешегі үшін маңызды науқанға өз таңдауын жасауды басты міндеті деп санайтынын алға тартады. Әрдайым дұрыс таңдау жасау жарқын болашаққа батыл қадам басуға берік іргесін қалайтынын айтады. Бүгінгідей маңызды науқанда да бірліктің берік үлгісін көрсеткен ибалы келіндер көштен қалмай, көппен бірге өз дауысын берді. Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан ауыл тұрғындарына арнайы сыйлықтар да табысталып жатыр.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған