Қызылорда облысының құрметті ардагері, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, ақын, жазушы Сахиев Файзулла Пазылбекұлы Жаңақорған кентіндегі №340 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысқан қаламгер дауыс беру әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам екенін атап өтті.«Сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау әрбір Қазақстан азаматының азаматтық міндеті. Бүгін туған еліміз Қазақстан үшін айтулы күн. Халқымыздың бірлігі мен елдің ертеңіне деген сенімі осындай маңызды сәттерде көрінеді. Біз өз таңдауымызды жасау арқылы ел болашағына деген нық сенімімізді білдіреміз. Жастарымыздың жарқын болашағы, мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін әр азамат өз дауысын беріп, қоғамдық өмірге белсенді араласуы қажет», – деді жазушы Файзулла Сахиев.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған