▪️«SOTpost» айдарында облыс соттарының судьялары мен сот қызметкерлеріне жолданған алғыстар жарияланып тұрады.
▪️ Заң консультанттары палатасының заңгері Н.Альжанов өзінің алғыс хатында Қызылорда облыстық сотының судьясы Г.Тиштикбаеваның қылмыстық заңнама тәртібімен берілген жекеше шағымды қарау барысында кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесін танытып, әділ шешім қабылдағанын атап өтіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолындағы қызметіне сәттілік тілеген.
▪️ Сонымен қатар, сот отырысының хатшысы О.Хабиевтің сот отырысын ұйымдастыру барысында өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарғанын ерекше атап өтіп, игі тілегін білдірген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі