Ірімшік пен саңырауқұлақ қосылған жылқы етінің орамасы
Құрамы:
700 г жұқа жайылған жылқы еті, 200 г саңырауқұлақ, 100 г ірімшік, 1 пияз, 2 ас қасық май, тұз, бұрыш.
Дайындалуы:
Пияз бен саңырауқұлақты табада қуырыңыз. Етті жұқалап турап, тұз бен бұрыш себіңіз.Саңырауқұлақ пен үгітілген ірімшікті еттің үстіне салыңыз. Етті орап, асүй жібімен бекітіңіз. 180°C пеште қақпақпен не фольгамен жауып пісіріп, соңында бетін қызартыңыз. Еттің қалыңдығына қарай уақытын реттеңіз.Әріқарай дөңгелектеп кесіп, көкөніс гарнирімен беріңіз.
Қызыл шарапсыз дайындалатын жылқы етінен рагу

Құрамы:
700 г жылқы еті, 2 пияз, 2 сәбіз, 3 картоп, 2 ас қасық томат пастасы, 2 түйір сарымсақ, 500–700 мл су немесе сорпа, тұз, бұрыш, лавр жапырағы.
Дайындалуы:
Етті ірі текшелерге кесіп, қазанға қызарғанша қуырыңыз. Пияз бен сәбізді қосып, 5 минут тағы қуырған жөн. Томат пастасы мен сарымсақты қосып араластырып, оған су құйып, қақпағын жауып, баяу отта 60–90 минут бұқтырыңыз. Картоп қосып, тағы 20–25 минут пісіріңіз.
Жылқы етінен бургер

Құрамы:
500 г жылқының тартылған еті, 4 бургер тоқашы, 1 пияз, 4 тілім ірімшік, салат жапырағы, қызанақ, тұз, бұрыш, соус.
Дайындалуы:
Тартылған етке тұз бен бұрыш қосыңыз. Қалыңдығы шамамен 1,5–2 см котлеттер жасаңыз. Табада екі бетін қызартып, ортасына дейін толық піскенше қуырыңыз. Бургерге арналған нанды кесіп, астыңғы бөлігіне соус, салат, ет, ірімшік, қызанақ пен пияз салып жинаңыз.
Кеңес: жылқы еті майсыз болса, тартылған етке аздап сиырдың майын қосуға болады.
Жылқы етінен жасалған бәліш

Құрамы:
500 г жылқы еті, 2 пияз, 400–500 г дайын қатпарлы қамыр, 30–50 мл сорпа, тұз, бұрыш, 1 жұмыртқа.
Дайындалуы:
Етті ұсақ текшелерге турап, пиязбен араластырыңыз. Тұз, бұрыш және аздап сорпа қосыңыз. Қамырды жайып, ішіне салманы салыңыз да, шеттерін бекітіңіз. Үстіне жұмыртқа жағып, 180–190°C пеште қызарғанша пісіріңіз. Салмадағы еттің толық піскеніне көз жеткізіңіз.
Азиялық стильдегі жылқы еті мен көкөніс

Құрамы:
500 г жылқы еті, 1 қызыл және 1 жасыл болгар бұрышы, 1 пияз, ас қасық соя соусы, шай қасық үгітілген зімбір, 2 түйір сарымсақ, май, күнжіт.
Дайындалуы:
Етті өте жұқа етіп көлденең формада кесіңіз. Қызған табада бөліктерге бөліп, қызарғанша қуырыңыз. Көкөністерді қосып, қатты отта араластыра қуырыңыз. Одан кейін соя соусы, зімбір мен сарымсақ қосыңыз. Ет толық піскен соң, ұсынар алдында күнжіт себіңіз. Күрішпен немесе кеспемен бірге ұсыныңыз. Ас болсын!