24 қазан күні Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қатысуымен отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, халықты сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңке сөрелерінен өңірдің брендіне айналған ақ күріш, Аралдың дәмді балығы мен балдай тәтті қауын-қарбыз, ас тұзың, табиғи сүт өнімдері, ұлттық сусындар мен өзге де жергілікті өнімдерді таба аласыздар.

Ала жаздай Сыр даласында еңбек еткен 500-ге жуық тауар өндіруші облыс тұрғындарына 2,0 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші бағасымен ұсынады.

ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ӨТЕТІН ОРЫНДАРЫ:
Қызылорда қаласы – «Қайсар Арена» стадионының автотұрағы (Сол жағалау).
Сырдария ауданы – «Тағзым алаңы» аумағы (Толыбеков және Д. Қонаев көшелерінің қиылысы).
Қармақшы ауданы – И. Жүрба көшесінің бойы (С. Романов және М. Саламатов көшелерінің аралығы).
Жалағаш ауданы – Ә. Қашаубаев және Жетікөл көшелерінің қиылысы (Титов қыстағы).
Арал ауданы – С. Торайғыров және Қорқыт ата көшелерінің қиылысы.
Қазалы ауданы – Ғ. Мұратбаев және Қ. Яссауи көшелерінің қиылысы («Шұғыла» мөлтек ауданы).
Жаңақорған ауданы – Астана даңғылының бойы (Е. Көшербаев пен А. Иманов көшелерінің аралығы).
Шиелі ауданы – Тасбөгет кентінің орталық алаңы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған