▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Тәжірибелі судьялардың жас судьяларға тәлімгерлік көрсету тәжірибесін талқылау» тақырыбында сұхбаттасу өткізілді.
 
▪️Шараға аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
 
▪️Модератор Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, судья әдебі жөніндегі комиссия мүшесі Т.Жусупов шараны ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.
 
▪️Т.Жусупов өз сөзінде, шараға қатысып отырған алғаш тағайындалған жас судьялар мен олардың тәлімгерлерінің жүргізген жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар ол судья әдебі нормаларын және сот төрелігін жүзеге асырудағы әдептің сақталуына баса назар аударды.
 
▪️Сұхбаттасу барысында тәжірибелі судьялардың жас судьяларға тәлімгерлік көрсету тәжірибесі толықтай талқыланып, алғаш тағайындалған жас судьялар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар алынды.
 
▪️Судья әдебі мен сот тәуелсіздігіне қатысты өзекті мәселелер ортаға салынып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған