Banner

Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы Т. жүгініп, онда ауызша келісім негізінде 2025 жылдың шілде айында өзінің атындағы көлік құралын жауапкер Қ.-ға ай сайынғы бөліп төлеу арқылы сатқанын, алайда жауапкердің өз міндеттемесін орындамағанын көрсетіп, көлік құралын қайтаруды сұраған.

Істі қарау барысында тараптар өзара бітімге келіп, араларында жасалған медиациялық келісімді бекітуді сұрады.

Келісімге сәйкес, жауапкер осыған дейін өтелмеген сома мен автокөліктің берешегін қоса отырып, ай сайын төлеуге, ал талап қоюшы осы берешек сомасы өтелгеннен кейін, көлік құралын жауапкердің атына рәсімдеуге міндеттенген.

Сот тараптар арасында жасалған медиациялық келісімді бекітіп, азаматтық істі іс жүргізуден тоқтатты.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған