Қызылорда қаласының №2 сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған «Рақымшылық туралы» ҚР Заңының мазмұны мен ерекшеліктерін түсіндіру және талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында Рақымшылық туралы Заңның негізгі ережелері, оның қолданылу аясы мен шарттары кеңінен талқыланды.
Қатысушыларға заң аясында жазаны жеңілдету, жазадан босату немесе жаза мерзімін қысқарту мәселелері қарастырылып, нақты санаттағы адамдарға қатысты қолдану ерекшеліктері түсіндірілді.
Қызылорда қаласының №2 соты