Banner

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 979,4 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% артық. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5,1% өсіп, 45,3 млрд жолаушы-километрді құрады.

Жолаушылар тасымалының негізгі үлесі дәстүрлі түрде автомобиль көлігіне тиесілі болды. Автомобиль көлігімен 962,7 млн жолаушы тасымалданды.

Алты ай ішінде теміржол көлігінің қызметін – 9,2 млн, әуе көлігін – 7,4 млн, теңіз көлігін – 14 мың жолаушы пайдаланған.

Жолаушылар тасымалынан түскен кәсіпорындардың кірісі 0,8 млрд теңгені құрады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған