Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.

Семинарға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Семинарды алқа төрағасы Ж.Бекжанов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Темірбаев есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша қылмыстық істерді қарау кезіндегі сот практикасына тоқталып, бірқатар мәселелерді атап өтті.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Аблаева есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісі бойынша жаза тағайындау практикасына тоқталды.

Арал аудандық сотының судьясы А.Асанхан Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу фактілері бойынша баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған