Арал ауданында жастармен конституциялық реформа және республикалық референдум қорытындыларына арналған мазмұнды кездесу өтті. Аталған басқосудың басты мақсаты – ел дамуының жаңа кезеңін айқындаған саяси өзгерістердің мән-маңызын жас буынға түсіндіру, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуға ынталандыру болды.Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары кеңінен талқыланып, референдум нәтижесінде енгізілген өзгерістердің ел болашағына тигізер ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, сондай-ақ әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдар туралы айтылды.Жастар өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Еркін форматта өткен диалог барысында олардың саяси сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық бастамаларға белсенді араласу мәселелері де назардан тыс қалмады.Кездесу қорытындысында қатысушылар конституциялық реформаның ел дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екендігін атап өтіп, жастардың жаңа Қазақстанды құру жолындағы жауапкершілігі зор екенін жеткізді. Осындай мазмұнды жиындар жас ұрпақтың ел болашағына деген сенімін нығайтып, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына серпін беретіні сөзсіз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған