▪️ Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы Г.-ның жауапкер У.-дан шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін ақшаны өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

▪️ Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы мен жауапкер арасында шарт жасалып, оған сәйкес жауапкер талап қоюшының тұрғын үйіне асхана жиһазын орнатуға және тоңазытқыш, пеш, микротолқынды пеш, ыдыс-аяқ жуатын машина жеткізіп беру міндеттемесін алған.

▪️ Талап қоюшы осы жұмыстар үшін барлығы 1 950 000 теңге аударған. Алайда, жауапкер өз міндеттемесін орындамаған.

▪️ Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерделеп, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 1 950 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған