▪️Қызылорда қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

▪️Сотталушы Б. такси қызметінде жүріп, жол шетінен қару мен жанында бірге жатқан патрондарды байқаған. Осылайша, сотталушы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, патрондарын заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаған.

▪️Сотталушы Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қызылорда қаласының №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған