▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2025 жылдың 12 айында атқарған жұмысы бойынша қорытынды жиын өтті.
▪️Оған Департамент басшысы М.Асанова, Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.
▪️Жиынды Департамент басшысы М.Асанова ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
▪️Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев сот жұмысын ұйымдастыру бағытында баяндама жасап, статистикалық есептің түзілуі, есептерді қалыптастыру, іс карточкаларының ережеге сай толтырылуы, мемлекеттік тілдегі құжат айналымы мәселелерін атап өтті.
▪️Соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы Қ.Қайназаров соттардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде баяндама жасап, соттардың инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне тоқталды.
▪️Ішкі қауіпсіздік бөлімінің аға сот приставы Б.Римов өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әлеуметтік желілерді қолдану және лудомания мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік қызметшілер қоғам тарапынан сын тудыратын әрекеттерден аулақ болу керектігі жөнінде айтып өтті.
▪️Жиынды қорытындылаған М.Асанова еңбек тәртібін сақтау қашан да күн тәртібінен түспейтінін ескертіп, алға қойған жоспарлар мен жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі