▪️ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Арал аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов Арал индустриалды-техникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

▪️Сот төрағасы Р.Алдамбергенов өз сөзінде шараның басты мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру екенін айта келе, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама ережелерін түсіндірді. Сонымен бірге, кәмелетке толмағандардың арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтар жөнінде мысалдар келтіріп, құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндірді.

▪️Шара соңында сот төрағасы студенттердің қойған сауалдарына жауап берді.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған