▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Жерді пайдалану және қорғау саласындағы даулар бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
▪️Семинар-кеңеске Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері қатысты.
▪️Шараны азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
▪️Қызылорда қалалық сотының судьясы Ә.Қаршыға «Жерді пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның талаптары бойынша жер заңнамасын қолданудың сот практикасын талдауды талқылау» тақырыбында баяндама жасап, сот практикасымен бөлісті.
▪️Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы М.Кушеков жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша ұсыныстарға тоқталып, бірқатар мәселелерді атап өтті.
▪️Семинар-кеңес соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі