▪️Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен жас мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбындағы дебат сайысына Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің командасы да қатысты.
▪️Пікірталас сайысының мақсаты – жас мемлекеттік қызметшілердің өз ойларын жүйелі жеткізуге машықтандыру, шешендік өнерді қалыптастыру және достық қарым-қатынасты нығайту болды.
▪️Сайыс кезеңдері топтық жарыстардан басталып, финалдық ойындар мен қорытынды кезеңге дейін жалғасты. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің әдебі, цифрландыру жүйесі, жұмыс жүктемесі және басқа да өзекті тақырыптар бойынша пікірталасқа түсіп, өз ойларын ортаға салды.
▪️Сайыстың қорытындысы бойынша Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
▪️Әріптестерімізді бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, қызметте абырой тілейміз!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі