▪️Арал аудандық сотында азамат М.-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілін фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

▪️Арызға сәйкес, арызданушы 1983 жылғы 23 желтоқсаннан – 1997 жылғы 31 желтоқсан аралығында «Сельхозэнерго» мекемесінде электромонтер болып жұмыс жасаған.

▪️Алайда, еңбек кітапшасындағы жазбада бұйрықтың мерзіміне түзету енгізілгендіктен және жұмыстан босатылғаны туралы жазба мекеме мөрімен расталмауы себепті, көрсетілген жылдардағы еңбек өтілі зейнетақы төлемдерін тағайындау барысында есепке алынбаған. Сондықтан, оны анықтаудың өзгедей жолы болмағандықтан, аталған жылдардағы еңбек өтілі фактісін сотта қарау тәртібімен анықтап беруді сұраған.

▪️Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 306-бабының талабына сәйкес сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

▪️Осыған орай, ұсынылған дәлелдемелерді, куәлардың түсініктерін негізге алып, сот арызды қанағаттандырып, еңбек өтілі фактісін анықтады.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған