“Руханият” орталығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің “МУЗЕЙ TOUR: экспонаттар экспедициясы” кешенді жо­ба­сы аясында “Отырар” мемлекеттік ар­хео­логиялық музей-қорығының “Отырар алқабының қалалық мәдениеті және тарихи-мәдени мұрасы” атты көш­пелі көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен өлке­танушылар, студенттер, музей маман­дары мен бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.

Көрменің мақсаты – Отырар алқабының сан ғасырлық қалалық мәдениеті мен тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныс­тыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Шараның қонақтарына көрме бойын­ша экскурсия жүргізіліп, Отырар алқа­бындағы қалалық өмір, тұрмыс, егін­шілік, қолөнер, сауда-саттық жайында толық­қанды мәліметтер айтылды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған