Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік аймағының ашылу рәсімі өтті. Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына және қала күніне арналған салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы өнеркәсіп саласының қазіргі бағыт-бағдары туралы айтып, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– «Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қолға алған бастамаларының бірі – шағын өнеркәсіптік аймақтар құру. Бұл жұмыс өңірімізде сәтті жүзеге асырылып, 1 млрд. 52 млн. теңгеге екі шағын өнеркәсіптік аймақ салынуда.

Бүгін соның алғашқысы «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің бастама­сымен салынған тамақ өнеркәсібі бағытындағы өнеркәсіптік аймақ кәсіпкерлер игілігіне берілмек. Жоба құны 526 млн. теңге, мұнда 8 өндірістік цех іске қосылып, азық-түлік өнімдерін өнді­ретін кәсіпорындар шоғыр­­ланған. Кәсіп­орындарда 50-ден астам адам тұрақты жұмыс­пен қамтылып, тұр­мыс-тіршілікке қажет­ті тауарлар өндіруде. Кәсіп­керлерге өз жұмысын бастауға «Қызыл­орда» өңірлік инвес­тициялық орталы­ғы арқылы жылдық 3 пайызбен 157 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Бұл – кәсіп­кер­лікті қолдауға бағыт­талған шаралар­дың нақты көрінісі.

Баршаңызды облысымыз үшін әлеуметтік-экономикалық тиімді жоба «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл нысандар халық­ты сапалы жергілікті өніммен қамтамасыз етуге, шағын кәсіпкер­ліктің дамуына, салық базасының ұлғаюына елеулі үлес қосады деп сенеміз. Жобаны жүзеге асыруға атсалысқан инвестор­ларға, құрылысшыларға, барлық серіктес ұйымдарға алғыс білдіреміз.

Жаңа нысандардың жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының құрылысына үлес қосқан қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған