Қармақшы аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Д. көлік басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, жеке тінту жүргізу кезінде одан 1 дана кітаптың парағына оралған есірткі заты табылған.
Осылайша, сотталушы жалпы салмағы 3,84 грамм кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Басты сот талқылауында сотталушы Д. кінәсін толық мойындады.
Сотталушы Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Қармақшы аудандық соты