Талап қоюшы Полиция департаменті сотқа жүгініп, жауапкер Д.-ның атына 2007 жылы шығарылған көлік құралы тіркелгенін, алайда, оны бастапқы тіркеу кезінде төленуі тиіс алымның төленбегенін көрсетіп, 6 945 000 теңге алым сомасын өндіруді сұраған.
Сот отырысы барысында тараптар өзара келісімге келгендерін көрсетті.
Келісіміне сәйкес, жауапкер талап қоюшыға бастапқы тіркеу үшін төленбеген жалпы соманың бір бөлігін – 4 475 290 төлегенін көрсетіп, қалған 2,4 миллион теңгеге жуық алымды 2025 жылғы 10 қазаннан бастап ай сайын 50 000 теңгеден төлеп отыруға міндеттенді.
Сот тараптар ұсынған татуласу келісімін бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.
Қызылорда қалалық соты