Сотталушы Д. монша ішінде жәбірленуші Ж.-ға тиесілі ұялы телефонын жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Нәтижесінде, жәбірленуші Ж.-ға 180 000 теңге көлемінде мүліктік шығын келген. Осылайша, Сотталушы Д. ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
Сотталушы Д. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Қызылорда қаласының №2 соты