Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған семинар өткізілді.
Семинарға судья О.Абдукаликов, сот мамандары, Қызылорда станциясы Желілік полиция басқармасының өкілдері, әкімшілік полиция бөлімінің инспекторлары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заң бөлімдерінің мамандары қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 49-1 және 49-2 баптарымен толықтырылып, әкімшілік жаза түрлеріне «қоғамдық жұмыстар» енгізілгені және оларды тәжірибеде қолдану мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы және ұсақ құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілгені айтылды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты