Талап қоюшы Ш. стоматологиялық емханасына тіс емдеу үшін жүгініп, көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеген.

Емхана қызметкері талап қоюшының ауыз қуысын тексеру барысында шырышты қабығы ісінуіне байланысты тісті емдеуге келмейтінін айтып, жұлып тастаған.

Алайда, арада 2-3 сағат өткен соң жұлған тістің орны мазасын алып, дене температурасы көтерілгеннен кейін жедел-жәрдем шақыртып, шұғыл түрде қалалық ауруханаға жатқызылып, ем қабылдаған.

Талап қоюшының анасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымданып, жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеру қорытындысына сәйкес, тіс емханасының дантисті денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны, «Стоматологтың ассистенті» біліктілігі бойынша орта медициналық білімі бар медицина қызметкердің қызмет көрсеткені анықталған.

Талап қоюшы сотқа талап қоюмен жүгініп, онда орта медициналық білімі бар қызметкердің сапасыз стоматологиялық қызмет көрсеткенін алға тартып, материалдық шығын және моральдық зиян өндіруді сұраған.

Сот істегі дәлелдемелерді және тараптардың түсінігін тыңдай келе, талап қоюды қанағаттандырды.

Сот талап қоюшының пайдасына 25 000 теңге материалдық шығын және 500 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған