Талап қоюшы Ж. Қызылорда қалалық сотына талап қоюмен жүгініп, онда жауапкер Р.-дан қарыз ақшаны өндіруді сұраған.

Талап қоюшы Ж. балаларға арналған жөргектерді сатумен айналысқан.

2022 жылы өзінің досы – жауапкер Р. талап қоюшы Ж.-ға жөргектерді арзан бағада сатуды сұрап, өтініш білдірген.

Өз кезегінде талап қоюшы досының ұсынысымен келіскен. Алғашында тауар ақшасын бергенімен, кейін жауапкер жөргектердің ақшасын беруді кешіктірген.

Сот істі қарау барысында екі досқа дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтарын түсіндірді.

Нәтижесінде, жауапкер талап қоюшыға қарыз ақшаны бөліп төлейтін болып келісіп, тараптар сотқа медиациялық келісімді ұсынып, оны бекітуді сұраған.

Сот ұйғарыммен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Осылайша, достар арасындағы ұзаққа созылған дау татуласу жолымен шешімін тапты.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған