Талап қоюшы Е. сотқа жүгініп, онда 2024 жылы қыркүйек айында Қызылорда қаласында көшелердің қилысында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағынан жолды солдан оңға қарай өтіп бара жатқан кезде жауапкер Ө. көлігімен қағып кетіп, соның салдарынан денсаулығына «жеңіл» дәрежеде зиян келгенін көрсеткен.

Сот қаулысымен жауапкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 103 376 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Сотта талап қоюшы жол-көлік оқиғасы болған кезде қолданып жүрген «Apple iphone 15» маркалы ұялы телефоны жарамсыз күйде түскенін, ұялы телефонды апасы несиеге рәсімдеп, туған күніне сыйға бергенін көрсетіп, жауапкерден материалдық шығынды, сонымен бірге, жан және тән азабын тартқанын көрсетіп, моральдық зиян өндіруді сұраған.

Сот істегі дәлелдемелерді және тараптардың түсінігін тыңдай келе, талап қоюды қанағаттандырды.

Жауапкерден талап қоюшы пайдасына 504 990 теңге материалдық шығын және 500 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарылды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған