Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сауда және интеграция вицеминистрі Айдар Әбілдабековпен кездесті. Кездесуде өңірдің әлеуметтікэконо­микалық дамуы, инвестициялық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Бүгінде аймақ әлеуметтік-экономикалық дамуда тұрақты өсімге қол жеткізді, жалпы өңірлік өнім 104,8%. Экономика құрылымының 31%-ын құрайтын сауда саласында тауарлар мен қызметтер көлемі 6,1%-ға артты.

Өңірде 30-ға жуық кәсіпорын күріш, балық өнімдері, ас тұзы, цемент, шыны, уран шала тотығы және аммоний метаванадатын экспорттап, экономиканы әртараптандыруға үлес қосуда. Алдағы бесжылдықта 2 трлн. теңгенің 89 инвестициялық жобасы іске асырылып, 11 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Биыл өңірдің кірпішке деген сұранысының 90%-ын қамтамасыз ететін жаңа зауыт пен 3,5 мың адамға қызмет көрсететін «Orhun Medical» медицина орталығы іске қосылды. Сонымен қатар ЖЭО, қиыршық тас және айна шығару өндірістері, жолаушылар вагондарын жөндеу ке­шені, кондитерлік және мака­рон өнімдері цехтары, түйе сүті­нен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт, коммуналдық базар және екі ша­ғын өнеркәсіптік аймақ ашылады.

Құрылысы басталатын 14 ірі жобаның қатарында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты, «Rixos» бес жұлдызды қонақ үйі, кальциленген сода зауыты, «Шалқия» кен байыту фабрикасы және бөтелке шығаратын зауыт бар. Бұған қоса Қатармен бір­лескен қуаттылығы 1100 мега­ваттық бу-газ қондырғысы және испандық «Roca Group» компаниясымен бірлескен санитарлық-тех­ни­калық өнім өнді­ретін зауыт құрылысы қолға алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қорқыт Ата әуежайы» жанынан арнайы эко­номикалық аймақ құрылды. Оның аясында құрылыс индустриясы, машина жасау, логистика және инновациялық бағыттағы жобалар жүзеге асырылады.

Сапар кезінде вице-министр қала орталығындағы «Сыбаға», «Сұлтан-2» сауда базарлары мен экспортқа бағдарланған өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған