Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Б» акционерлік қоғамы жауапкер «Т» жеке кәсіпкерінен қарыз сомасы 105 701 129 теңге өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, судьяның көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 3 171 034 теңге талапкерге қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соты