Талап қоюшы «Ж»коммуналдық мемлекеттік мекемесі сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «Ф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.
15.01.2025 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешімі бойынша жеңімпаз болып «Ф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келсім шартқа сәйкес, «Ф»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 082 499 теңгеге тиісті деңгейде интернетке қол жеткізу қызметін жүргізуге міндеттелген.
Алайда жауапкер келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.
ҚР АҚ-нің 272-273 бабтарына сәйкес, міндетеме – міндетеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
▪️«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сай, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
Сотпен тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою толығымен қанағаттандырылып, жауапкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты